24.03.2016, 13:24
Оқылды: 25

БҚО аумағында 10 жыл бойы ресейлік полицейлердің іздеуінде жүрген қылмыскерлер қолға түсті

BKO izdestiru sharasi   16-17 наурыз аралығында қылмыс жасап, бой тасалап жүргендерді ұстау мақсатында ТМД елдері құқық қорғау органдарымен бірлескен «Іздестіру» шарасы жүргізілді.


БҚО ІІД криминалдық полиция басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде батысқазақстандық сақшылар 18 қылмыскерді анықтап, қолға түсірді. Соның ішінде облыс аумағында Ресей құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 9 күдікті ұсталса, осының екеуі 10 жылдан астам уақыт бойы бой тасалаған екен. Атыраулық сақшылар іздестірген 2 қылмыскер Орал қаласында құрықталды. Орал қалалық ішкі істер басқармасы іздестірген 7 млн. астам теңгені жымқырған А.Дроздов ресейлік әріптестердің көмегімен Самара облысында ұсталды.

Сонымен қатар БҚО ІІД іздестірген 6 қылмыскер қолға түсіп, хабарсыз кеткен 4 адамның мекенжайы анықталды, мұның біреуі Ресей елі аумағынан табылды. Оған қоса Орал қаласы Достық даңғылы 203-үйдің жертөлесінен 2014 жылғы 22 желтоқсанда табылған ер адам мүрдесінің кімдікі екендігі белгілі болды.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале