12.11.2016, 13:39
Оқылды: 34

БҚО бойынша 800-ден астам сарбаз әскер қатарына алынады

received_594828380715250Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің базасында әскерге шығарып салу салтанатты шарасы өтті.


Бұл науқан қазан айында басталған болатын. Кезекті команда ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақтау әуе қорғаныс күштерінің №51809 әскери бөліміне 40 әскер қатарына шақырылушы аттанып отыр. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 800-ден астам отан қорғаушылар әскер қатарына алынады деп күтілуде. Оның ішінде Ұлттық Ұлан, ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімдері, Мемлекеттік күзет қызметі және Шекара қызметіне әскер қатарына алынады.
received_594828384048583Шара барысында Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында мекеме басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасары, подполковник Жақсылық Айтбаев, ауған соғысының ардагері Анатолий Боровский және әскерге шақырылушы Махамбет Махат сөз сөйлеп, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Құттықтау сөздерден кейін концерттік бағдарламаға ұласты.
Он бес-ақ минутқа ғана сиятын қоштасу рәсіміндегі көріністер қиын әрі қызықты екен. Сарбаздардың бірі ата-анасымен қоштасып жатса, енді бірі жора-жолдастарымен төс қағыстырып жатады. Сәл оңашалау жерде бір-бірін жібергісі жоқ ғашықтарды көзің шалып қалады. Міне, сондай сәттің бірінде жанарына қимастықтың жасы ұялап тұрған бойжеткенді байқап, мән-жайды білгенімізде: «Досым Темірлан Ғазезовты шығарып салуға received_594828400715248келгенбіз. Жолына сәттілік тілей отырып, асыға күтетінімді жеткізгім келеді. Сонымен қатар барлық сарбаздарға өздерінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, елдеріне аман-есен оралуларына тілекшімін,- деді қазақ қызына тән ұяңдылықпен Баян Мәдиқызы.
-Өзім осы қаладағы №2 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысымын. «Ақжайық» футбол клубына барып жаттығып жүрмін. Әділ есімді ағамды әскерге шығарып салуға ата-анаммен бірге келдім. Ағама ақ жол тілеймін,-деген Әсет Мақсотов әскер қатарына кетіп бара жатырған ағасын сағынатынын айтты.
-Балам Райымбек Қабдиевті шығарып салуға келіп отырмын. Жалғыз баламыз болса да, өзінің қалауымен бара жатқасын жолын бөгемедік. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, енді міне әскер қатарына ілігіп отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отыр. Аналық жүрегіммен жол жүргелі отырған барлық сарбаздарға сәттілік тілеймін,- дейді Жаңақала өңірінен келген Айбарша Құспанова.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Фотоны түсірген автор

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале