25.02.2016, 11:19
Оқылды: 25

БҚО-да Алғыс айту күніне орай 100-ден астам шара өткізу жоспарлануда

algic2ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалында өткен кезекті баспасөз мəслихаты 1 наурызда, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде, Елбасы Жарлығымен елімізде тұңғыш рет тойланғалы отырған Алғыс айту күніне арналды.


 

БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек ДАУМОВ, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Александр Ажғалиев, облыстық мəдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Қаулановалар айтулы күнге байланысты өңірдегі атқарылар іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Алғыс айту күнін мерекелеудің алгоритмінің бәрі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ілгерілетуге септесуі тиіс.

Атаулы күнге орай облыс көлемінде 100-ден астам шара өткізу жоспарлануда. Іс-шараларды жоспарлау кезінде мерекелік атмосфера қалыптастыру, барлық этностар өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізуге ынталандыру, мемлекеттік рәміздерді қолдану қажеттілігі ескерілетін болады.

Шаралар ұйымдастыру кезінде этномәдени бірлестіктері өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өзара рухани-мәдени танымын байытуға байланысты бастамаларына ерекше назар аударылады.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале