25.02.2016, 10:08
Оқылды: 12

БҚО-да биыл қос бірдей балабақша құрылысы аяқталмақ

Balabasksha   Батыс Қазақстан облысында биыл қос бірдей балабақша құрылысы аяқталмақ.

БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Басаровтың сөзіне қарағанда, Шыңғырлау ауданы орталығында «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, 290 орындық балабақшаны биылғы тамызда пайдалануға беру жоспарланған.


Мұның жалпы құны - 541,2 млн. теңге. Күні бүгін инженерлік желілер тартылды. Бұл құрылысты аяқтауға Ұлттық қордан қосымша 287,083 млн. теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысы есебінен 140 орындық балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр. Құны 471,957 млн. теңге тұратын бұл нысанды алдағы наурыз айында бітіру көзделген. Оған қоса Орал қаласында аталған компания қаржысына құны 2,841 млрд. теңге тұратын оқушылар және жастар сарайы салынып жатыр. Оны биылғы желтоқсан айында іске қосу жоспарланды.

Айта кетейік, 2015 жылы білім нысандары құрылысына республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге, Ұлттық қордан 200 млн. теңге, жергілікті қазынадан 587,8 млн. теңге бөлінген еді. Жыл ішінде өңірде бес мектеп, Оралда кәмелетке жасы толмағандарға арналған бейімдеу орталығы салынып, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының спорт, акт залдары және ресурстық орталық ғимараты қайта жаңғыртылған болатын.

     www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале