8.06.2016, 11:46
Оқылды: 26

БҚО-да бомба «жарғысы» келген тұрғын ұсталды

Bomba   Кеше БҚО ішкі істер департаментінің «102» телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, бомба жару ойы бар екенін жеткізген.

    БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, құқық қорғау органдары қызметкерлері қысқа мерзімде анықтағанындай, қоңырау шалған уақытша жұмыс жасамайтын, бұдан бұрын сотталған, 1979 жылғы С. деген азамат болып шықты. Ол қолға түскен кезінде мас күйінде болды.



С. уақытша оқшаулау изоляторына орналастырылып, ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (терроризм актісі бойынша жалған хабарлама тарату) қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Бұл бап бойынша ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале