26.09.2015, 19:47
Оқылды: 33

БҚО-да ер адам бетонараластырғышқа құлап кетті

Skori   Батыс Қазақстан облысында ер адам бетонараластырғышқа құлап кетті. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға 24 қыркүйекте Самара күре жолының 247-ші шақырымында орын алған. Құрылыстағы жұмыс кезінде 26 жастағы ер адам машинаның бетонараластырғышына құлап кеткен. Аяқ-қолдары әлденеше жерден сынған ол облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Ер адамның аяқ-қолдары мен өмірлік маңызды органдарын қалпына келтіру бойынша отаның бес сағатқа созылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, бірақ қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалып отыр», - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасынан.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале