11.11.2015, 17:19
Оқылды: 23

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Avaria   10 қараша күні кешкі сағат 19.00-де Самара-Шымкент күре жолы бойында Барбастау ауылы тұсында 1990 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 1948 жылғы азамат айдап келе жатқан «Нива Шевроле» автокөлігіне соқтығысқан.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі мен «Лада Грантаның» жолаушысы көз жұмды. Қаза болған жолаушының кім екендігі анықталу үстінде.

Тексеру қорытындысына сәйкес «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі мас күйінде болған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале