4.12.2015, 17:31
Оқылды: 18

БҚО-да жыл басынан бері 1269 қару тапсырылды

Karu jarak   Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қаңтар мен 3 желтоқсан аралығында тұрғындардан 1224 өтініш түсіп, олар өз еріктерімен 1269 қаруды тапсырды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл - тіркеуде тұрған травматикалық қарудың (1405) 90,3 пайызы. Азаматтар қалған қарудан жыл соңына дейін құтылып үлгеруі керек. Егер тапсырмаған жағдайда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҚК 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылып, 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 

Тіркеудегі 1405 қарудың 78-і жоғалған, ол криминалдық қару ретінде есепке қойылды. Қаруының жоғалғанын немесе ұрланғанын уақтылы хабардар етпегені үшін 48 қару иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 486-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша жауапқа тартылып, олардың әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 15  адам қаруының жоғалғаны жөнінде ішкі істер органдарына мерзімінде хабарлаған.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале