29.02.2016, 17:11
Оқылды: 48

БҚО-да калий тұзын өндіру мақсатында кен орындары барлануда

Ержан Балтаев  Батыс Қазақстан облысында калий тұзы қорын анықтау мақсатында қос бірдей кен орны барлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Балтаев мәлім етті.

Ержан Талғатұлының айтуынша, бұл екі жобаның құны 11 млрд. теңгеден асады. Кен орнының бірі Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігінде орналасса, екіншісі Бөрлі ауданы Григорьев кеніші болып табылады. Қазіргі кезде «Шұғыл» мекенжайы бойынша «Шұғыл», Григорьевте «Евразия калий» компаниясы барлау жұмыстарын жүргізуде. «Орал» ӘКК-ның үлесі бар бұл екі кәсіпорын сәйкесінше қазақстандық «Қазақстан калий» және «Батыс минерал» компанияларымен бірлесіп құрылған. Бірақ оған түгелдей жеке қаржы тартылады.


«Егер аталған кеннің мол қоры анықталған жағдайда онда Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясымен барабар деуге келетін ірі жоба жүзеге асырылатын болады. Онда мыңнан астам адам жұмыс жасап, өсімдік шаруашылығы үшін аса қажетті калий тыңайтқыштары өндірілетін болады», деді Е.Балтаев.

Айта кетейік, «Орал» ӘКК-ның қатысуымен 2015 жылға дейін 14119,1 млн. теңгеге 21 инвестициялық жоба іске қосылды. Соның ішінде аталған корпорация тарапынан 821,5 млн. теңге инвестиция салынды. Ал 2015 жылдың басынан 29117,7 млн. теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, соған корпорация 467,7 млн. теңге қаржысын салса, сонымен қатар 3,8 млрд. астам теңге жеке инвестициялар тартылды. 2016 жылы жалпы құны 37,6 млрд. теңгеге тағы 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале