14.01.2016, 1:15
Оқылды: 19

БҚО-да коммуналдық меншікті жекешелендіруден 314,3 млн. теңге түсті

жекешелендиру   Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы коммуналдық меншікті жекешелендіруден өңір бюджетіне 314,3 млн. теңге табыс түсті, бұл 2014 жылғыдан 37,3 млн. теңгеге артық.


    БҚО қаржы басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің кешенді жоспарына және облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жекешелендірудің екінші толқыны аясында өңірде өткен жылы 5 ұйым жекешелендіруге жатқызылды. Бөрлі және Зеленов ауданы әкімдіктерінің қаулысына сәйкес 2 спорт клубы таратылды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКК мүліктік кешен ретінде 17,7 млн. теңгеге сатылды. Жекешелендіруге жатқызылған «Ақжайық» футбол клубы» және «Ақжайық» спорт клубы» ЖШС-лары тендерге ешкім қатыспағандықтан, сатылмай қалды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» МКК мүліктік кешен ретінде кейін сатып алу құқығымен сенімді басқаруға берілді.

Айта кетейік, Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Жодлдауына, сондай-ақ Үкімет бекіткен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес облыста 26 нысанды бәсекелестік ортаға беру көзделуде, соның ішінде 9 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 1 денсаулық сақтау, 1 ауыл шаруашылығы, 4 спорт және «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ меншігіндегі 11 нысан бар.

Коммуналдық меншік нысандарын сенімді басқаруға беру ісі де жалғасатын болады.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале