25.11.2015, 12:32
Оқылды: 17

БҚО-да кісі өлтірген әкесі мен баласына қатысты сот үкімі шықты

Borli sot   Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК-нің 106-бабы  3-бөліміне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғумен көзделген қылмыс жасаған  екі тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотта анық болғанындай, Шыңғырлау ауданында төбелес барысында әкесі мен баласы ауылдасының басына соққылар келтіріп, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрген. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.


Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК 106-бабы  3-бөлімі бойынша кінәлі деп табылып, олардың әрқайсысына 8  жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтейді. Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале