30.03.2016, 19:18
Оқылды: 16

БҚО-да пойыз қаққан екі адамның бірі көз жұмды

 Poezd kakkan    Кеше таңғы сағат 04.00 шамасында Теректі ауданындағы Яик пен Тақсай стансаларының аралығында жүк пойызы екі адамды қағып кеткен.


    Орал стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің тергеушісі Дәулет Борановтың айтуынша, оқиға салдарынан 1992 жылғы Владислав Кривобоков көз жұмса, 1980 жылғы Берік Қойбағаров Федоров ауылындағы аудандық ауруханаға түскен. Б.Қойбағаровтың сөзіне қарағанда, тұман болғандықтан, пойызды көрмей қалған.

    Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөліміне (қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша кісілерді қаққан пойыз Оралдан Елек стансасына бара жатқан.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале