20.12.2015, 13:14
Оқылды: 39

БҚО-да суға батқан машинадан ер адамның денесі табылды

adamnin denesi tabildi 19 желтоқсанда БҚО құтқарушылары Жайық өзенінің Зеленов ауданындағы тұсынан «ВАЗ-2114» автомашинасын шығарып алды, оның ішінен ер адамның денесі табылды.


   Бұдан бұрын белгілі болғандай, Зеленов ауданында екі ер адам жоғалып кетті, деп жазады Мой город. БҚО ТЖД бас құтқарушысы Аягөз Қожанбаеваның айтуынша, ТЖД қызметі дабыл түскен бойда іздеуге шыққан.

  -     18 желтоқсанда 16.13-те ер адамдардың жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті, - деп әңгімеледі А.Қожанбаева. - Бүгін Жайық өзенінен Зеленов ауданының Володарка кенті маңынан мұз астына батқан автомобиль табылды. Машинаны судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оның салонынан ер адамның денесін тауып алды. Жоғалған екінші адам іздестірілуде.

   Екі күн бойы іздерстіру жұмыстарына 16 құтқарушы, 3 бірлік автотехника, кинологиялық топ, сондай-ақ сүңгуірлер жұмылдырылды.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале