5.02.2016, 15:16
Оқылды: 18

БҚО-да қар құрсауында қалған ер адам құтқарылды

Akjayik audani kar kyrsauinda kalgan adam   Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы №18 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған 1957 жылғы жүргізушіні құтқарды.

    БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, аталған ер адам МТЗ-80 тракторымен «Купка» деген жерде далада қалып қойған. Істен шыққан тракторын жөндеген жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, халі нашарлайды. Содан кейін ол 101 телефоны арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарласады. Сол бойда өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы АСО-20 автокөлігімен оқиға болған жерге жетіп, суыққа қатты тоңған адамды жылытып, ауруханаға жеткізді.


  Осындай оқыс оқиға Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында да орын алды. Мұнда кәріздік сорғы стансасының операторы кәріздік қабылдағышқа түсіп кеткен. Оны көрген серігі 101 телефоны арқылы хабарласады. Өрт сөндіру бөлімінің кезекшісі жедел жәрдем шақырып, құтқарушылар оқиға орнына жетеді. Өрт сөндірушілер тереңдігі 2 метр камерадан 1959 жылғы ер адамды алып шығып, оны жуындырып, қайта киіндіріп, алғашқы жәрдем береді. Көмек кешіккен жағдайда оның улы күкіртті сутегіне улануы мүмкін еді.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале