12.04.2016, 12:44
Оқылды: 20

БҚО-да қылмыстық құқық бұзушылықтың интернет картасы жасалды

 Screenshot_2016-04-12-12-18-46-1

   Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық бөлімшесінде өтіп жатқан брифингте облыс әкімі Алтай Көлгінов айтты. Өңірімізде жыл басынан бері жергілікті полиция тарапынан 34 мыңдай әкімшілік құқық бұзушылықтың, 754 тұрмыстық зорлық зомбылықтың жолы кесілген.


     Учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар тұрғындардан келіп түскен 8 мың жарымдай арыз-шағымды қарап тиісті шара қабылдады. Қоғамдық тәртіпті бұзған 1373 көше бұзақысы анықталды. 92 млн. теңге көлемінде төленбеген әкімшілік айыппұл бюджетке тапсырылған.

      -Жергілікті полиция құрылғаннан бері тұрғындармен 155 кездесу өткізілді. Оның 24-і Орал қаласында, қалғаны аудандардағы елді мекендерде. Жергілікті полиция кездесулердегі қоғамдық тәртіп, тазалық, базар айналысындағы заңсыз сауда, ауылдық жерлерде мал ұрлығы мен бұзақылыққа қатысты ұсыныстарға сәйкес, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жұмыстануда. Сондай-ақ, интернет порталда қылмыстық құқық бұзушылық картасы жасалды. Бұл карта жасалған қылмыстардың саны мен сипатына байланысты әр күн сайын жаңарып отырады. Осыған орай құқық бұзушылық көп тіркелген жерлерге қосымша бейне бақылау камералары орнатылып, өзге де тиісті шаралар қабылданды,-деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале