1.07.2016, 17:30
Оқылды: 78

БҚО-да «Ұлы дала» брендін қалыптастырудың тиімді жолын ұсыну» тақырыбында дебат ойыны өтті  

 

debatБүгін «Жас Отан» Жастар қанаты БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру бағытында дебат ойыны өткізілді. Ойынды «Ақиқат» пікір-талас орталығы ЖҚБ төрағасы Мерген Қуанышұлы жүргізді.


 

Алдымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси бөлім меңгерушісі Жанбоз Нұрхат Мүтиғоллаұлы сөз алды. Ол өз кезегінде ойыншыларға сәттілік тілеп, жақсы ұсыныстар мен тың идеялар күтетінін жеткізді.

Команда құрамы екі спикерден жасақталып, олар 3 кезең бойынша сайысқа түсті. Командалар құрамында Сәнді Бекетаева, Оралхан Қажкенов, Ернар Абзалов және Сәбит Махамбетов секілді республикалық және облыстық дебат ойындарының жүлдегерлері болды. Жастар «Ұлы дала» брендін қалыптастырудың тиімді жолын ұсына отырып, оны шешу жолдарын қарастырды.

«Ұлы дала» брендін қалыптастыру үшін «Ұлы дала» жазуын әлемдік деңгейдегі іс-шараларда насихаттау (ЭКСПО-2017, Универсиада-2017), ел ішіндегі  әлемдік деңгейдегі БАҚ өкілдері көбірек лозунгтар арқылы насихаттау, мысалы бағдарламаны немесе репортажды қортындылағанда арнайы лозунгтар қолдану, тарихи-географиялық атаулар арқылы насихат жұмысын күшейту, әлемдік деңгейде танымал қазақстандықтар арқылы брендті жарнамалау, мысалы, Генадий Головкин, Илья Илин, Тимур Бекмамбетов, Мұхтар Шаханов, т.б секілді тұлғалардың  киімдерінде «Ұлы дала» брендін жазу, сұхбаттары барысында «Ұлы дала» елінен екенін насихаттау керек екендігін айтып ұсыныс білдірді.

Ойынды бас төреші Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы қорытындылап, жоғары деңгейде ойын көрсеткен ойыншыларға естелік сыйлықтар табыс етті.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале