16.04.2016, 10:47
Оқылды: 25

БҚО-да 2,2 млрд. теңгеге 13 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді

remont_shkoly_2     Облысымызда биыл 2,2 млрд. теңгеге 13 білім нысаны күрделі жөндеуден өткізілмек.

     БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, Сырым ауданында Қособа, Тасқалада Шежін, Қазталовта Нұрсай, Шыңғырлауда Алмаз, Зеленовта Переметный, Жаңақалада Е.Орақбаев атындағы, Теректіде Приречный, Бөкей ордасында Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп ғимараттары күрделі жөнделмек.



Оралда бес білім нысаны, соның ішінде №39, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, М.Ықсанов атындағы, Ж.Молдағалиев атындағы №2 орта мектептер мен №33 «Орленок» мектепке дейінгі ұйымы ретке келтірілетін болады. 10 нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес, біреуі жергілікті бюджет және екеуі «ҚПО б.в.» компаниясы қаржысы есебінен жөнделеді. Күрделі жөндеу кезінде 521 жұмыс орны құрылады. Айта кетейік, аталған білім ордаларында 3718 бала оқиды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале