11.04.2016, 12:54
Оқылды: 12

БҚО-да 27 жемқор 267 млн. теңге айыппұлға тартылған

Akjayik kaz prokuraturasiБұл жөнінде бүгін облыстық прокуратурада өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісте облыстық прокурордың аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан хабардар етті.


Бауыржан Ахметжан 2012-2015 жылдары облыстық сот 286 үкім шығарып, сол арқылы 332 млн. теңгеден астам көлемде айыппұл тағайындалғанын айтты.

Соның ішінде 27 жемқор 267 млн. теңге айыппұлға тартылған. Мемлекеттік сот орындаушылары қозғаған 209 атқарушы өндіріс арқылы 154 млн. теңге қаражаттың 69 млн. теңгеден астамы мемлекет қазынасына қайтарылған. Дегенмен облыстық прокуратура сотталушылардан айыппұлды уақтылы өндіру, шетелге шығу құқын шектеу, мүліктік айыппұл салуда облыстық әділет департаментінің қызметкерлері заңбұзушылықтарға жол бергенін анықтады.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале