12.08.2015, 20:17
Оқылды: 24

БҚО-да 525 адам жол апатынан жарақат алған

брифинг облздравОрал қалалық «Жедел жәрдем» стансасының директоры Сергей Бекежановтың айтуынша, үстіміздегі жылы 375 жол апатынан 525 адам жарақат алған.

Жаяу жүргіншілер жолағында 121 адамды басып кету оқиғасы орын алған. Апаттың  37-сі  мас күйінде жасалған, 45 бала зардап шеккен. «Жедел жәрдем» көмегі келгенше 9 адам өмірмен қоштасқан. Жол апаты әсіресе, қаңтар мен шілде айында көп болыпты. Балалардың жол-көлік апатына түсуі мамыр- шілде айларында жиілеген. Бұл оқушылардың жазғы демалысқа шығып, көшеде емін-еркін жүруіне байланысты болып отырғанға ұқсайды.

- Жалпы,  «Жедел жәрдем» қызметінің дәрігерлеріне шақыртушылар, яғни науқастар тарапынан дөрекілік таныту фактілері тіркеліп отыр,- деді Сергей Мәдиұлы.- Бұл өте қынжыларлық жағдай. Жақында ұстамалы диагнозына шақыртумен үйге барған дәрігерге пациент қол көтеріп, оның көзін жарақаттады. Дәрігер бүгінде ауруханада емделіп жатыр. Тұрғындардың өкпе-реніші науқасты «Жедел жәрдем» ауруханаға  әкетпейді дегенге сайып жатады. Ауруханаға жедел салатын ауруға жатпаса да, алып кетуді талап ететіндер көп.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай САРИЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале