29.06.2016, 10:58
Оқылды: 25

БҚО делегациясы - Маңғыстау өңірінде

IMG-20160629-WA0025Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бастаған біздің өңірдің делегациясы Ақтау өңіріне келіп жетті.


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық тауар өндірушілерді қолдау, өңіраралық ынтымақтастықты орнату, ел экономикасын әртараптандыруды мақсат еткен жұмыс сапары қос өңір делегацияларының басқосуынан басталды. Қос облыстың басшылары, зиялы өкілдері, мекеме-кәсіпорын өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Басқосуда сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбеков облыстың тыныс-тіршілігі мен бүгінгі таңдағы өндірістік әлеуетіне тоқталды. Сонымен қатар өңір басшысы бұрыннан да жақсы қарым-қатынас орнаған Батыс Қазақстан облысымен бұдан әрі де өңіраралық ынтымақтастықты арттырып, ел экономикасын дамытуға бірлесе қызмет етуге әзір екендігін айтты.

Кездесуде БҚО әкімі Алтай Көлгінов соңғы жылдардағы батыс өңірінің экономикалық жағдайын дамыту мақсатында атқарылған тың істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар Маңғыстау өңірімен екеуара ұзақ жылдық әріптестікті үзбей, одан әрі дамыту мақсатында да жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.
Дөңгелек үстелде батысқазақстандық тағам өндіру, машина құрау салалары және құрылыс тауарларын өндіруші кәсіпорын басшылары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, маңғыстаулық кәсіпкерлерді екіжақты ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Өңір өкілдерінің басқосуында облыс басшылары мен өнім өндіруші кәсіпорын жетекшілері ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы өзара меморандумға қол қойды.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек Оразаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале