3.08.2016, 12:44
Оқылды: 32

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Шаяхметов ТимурБүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысын таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


-Конкурстық негізде және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Шаяхметов Тимур Әбсағатұлы тағайындалды- деді, облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған Шаяхметов Тимур Әбсағатұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша үздік бітірген.

Т.Ә.Шаяхметов 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері жөніндегі комитетінің Халықаралық байланыс басқармасы, туристік қызметті үйлестіру бөлімінің, спорт инфрақұрылымы бөлімінің жетекші және бас маманы болып істеген.

2007 жылдан 2016 жылға дейін Астана дене шынықтыру және спорт басқармасының «Футбол бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры, «Астана батыры» жекпе-жек клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған.

Жаңа басшының дене шынықтыру және спорт жүйесінде, мемлекеттік қызметте, басқарушылық жұмыста іс-тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті бар.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале