16.10.2015, 11:30
Оқылды: 18

БҚО жастарының флешмобы

флешмоб (4)Батыс Қазақстан облысында құтқарушылардың техника мен  жабдықтарының көрмесі өтті. Акцияның мақсаты өрт сөндіруші мен құтқарушының кәсібін әйгілеу, өскелең ұрпақтың тіршілік ету қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

флешмоб (3)Облыстың өрт сөндірушілері мен құтқарушылары авариялық-құтқару жабдықтарының мүмкіндіктерін, кинологтар тобының жұмысын көрсетті.

Өрт сөндірушілер балаларға өртте кездесетін қиыншылықтар туралы айтты. Балалар өртпен күресушілердің әңгімелерін қызығы тыңдады, қойған сұрақтарына тиянақты жауаптарын алды. Кейбіреулері өрт сөндірушінің қалпағын киіп, фотосуретке түсті. Өз кезегінде құтқарушылар балаларға құтқарушының бұл аспаптардың не үшін қажет екенін сипаттап берді. Ұлдар мен қыздар өрт сөндірушілермен және құтқарушылармен әңгімелесіп қана қоймай, техниканы, машинаны қарап шықты. Әсіресе, «Трэкол» құтқару машинасының қасында суретке түсушілер көп болды.

флешмоб (2)Қыздар болса, жақын арада өткен жиында сертификат алған «Мари» деген лақап аты бар құтқарушы иттің төңірегіне үйірілді.

Шара соңында оқушылар мен студенттер құтқарушылар телефондарының 101 және 102 сандарын құрап тұра қалды. Сонымен қатар ауа райына қарамастан, тәуліктің қай сағатында болса да көмекке асығатын жандарға деген ризашылықтарын «Құтқарушылар күнімен! С Днем спасателя!» деген мәнерлі құттықтауларымен жеткізді.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале