1.08.2016, 12:13
Оқылды: 50

БҚО Иран елімен өзара сауда-экономикалық əріптестікке мүдделі

IMG_922530-31 шілдеде өңір басшысы Алтай Көлгінов бастаған БҚО делегациясы Иран елінде іссапармен болып қайтты. Делегация құрамына мұнай-газ жəне ауылшаруашылық салаларымен айналысатын қазақстандық ірі компаниялардың өкілдері енді.


Сапар барысында Қазақстан Республикасының Ирандағы елшілігі Тегеранда бірнеше маңызды кездесулер ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов Иран Ислам Республикасының Мұнай шаруашылығы құрал-жабдықтарын шығарушылар ұйымының директорлар кеңесінің Төрағасы Хайямиямен жəне оның орынбасары Лидервамен кездесті.
Сондай-ақ аталған кездесу барысында БҚО кəсіпорындары мен ирандық мұнай компанияларының арасында В2В ұйымдастырылды. Шара барысында біздің өңірдің мүмкіндіктері таныстырылып, мұнай саласына қатысты бірқатар мəселелер талқыланды.
Сапар барысында Ауылшаруашылық, Индустрияландыру министрліктерінің, шахталар мен сауда-саттық инспекциясының басшылары мен ирандық ірі компаниялар мен Мұнай-химиялық өндіріс ассоциациясының басшылары мен өкілдерінің кездесулері өтті.IMG_9226
Сонымен қатар Альбруз провинциясында ұйымдастырылған бизнес-форум барысында Батыс Қазақстан облысының əртүрлі салалардағы əлеуеттік мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесулер барысында тараптар БҚО мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы əріптестіктің негізгі мəселелері жан-жақты талқыланды.
Іссапар нəтижесінде өнеркəсіп, мұнай-химия жəне ауылшаруашылығы салалары бойынша бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.IMG_9227
Алтай Көлгінов, БҚО əкімі:
- Биыл Елбасымыз Иран мемлекетіне ресми сапар жасаған болатын. Сəуір айындағы кездесулер кезінде сауда-саттық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында кəсіпкерлерге виза беру рəсімдерін жеңілдету мəселелері талқыланған болатын.
Екі елдің басшылары сондай-ақ ауылшаруашылық, ғылым, технология, мəдениет салаларын өрістету қажеттігіне де баса назар аударған еді.
Қос мемлекеттің басшыларының келісімдерінің негізінде біз аймақтық деңгейдегі жұмыстарды бастап кеттік.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале