20.11.2016, 16:19
Оқылды: 13

БҚО спортшылары аралас жекпе-жек кубогін ұтып алды

img_1313            ММА федерациясы мен БҚО спорт басшылығы ұйымдастыруымен Ресей Федерациясының Орынбор облысынан аралас жекпе-жек шеберлері рингте жергілікті панкратеон шеберлерімен қолғап түйістірді. Кештің шымылдығын облыстық спорттың тізгінін ұстаған Шаяхметов Тимур Әбсағатұлы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Орынбор облысынан келген спортшылар рингтің қызыл бұрышынан шығып отырды, ал жергілікті спортшыларымыз көк бұрыштан шықты. Жас спортшыларымыздан Өтеғалиев Аслан, Жұмабаев Ернияз, Есенғазиев Руслан, Мұратов Нұрсұлтан рингке шығып, қоян-қолтық төбелес пен панкратеонды  өте жақсы менгергендіктерін  тамаша көрсете білді.  Кештің басты кездесуі  бокстан спорт шебері Ресейлік Дмитрий Зогин мен Оралдық әскери самбодан халықаралық спорт шебері, Әлем чемпионаттарының жүлдегері img_1329Темірлан Ихсанғалиев арасында болды. Бірінші раунд басталысымен-ақ Темірлан қарсыласын күрестің әдемі әдісіне салып, көрермендерді қуантты. Кейін Темірланның тегеурінді соққыларына шыдай алмаған қарсыласы рингтің көк кілемін қолымен соғып, берілетіндігін білдіртті.  Төрешілер ажыратып алмағанда Ресейден келген спортшының жағдайы мүшкіл болар еді. Осы жеңістің арқасында БҚО құрамасы алға шығып, ММА федерациясының президенті Сағындық Махметұлы тағайындаған кубокті бастарына көтерді.

           Федерацияның өкілі Атыраулық Алмат мырза осындай спорттық жарыстардың жастар үшін берері көп  және салауатты өмір салтын ұстануда маңызының зор екендігін атап өтті.

Саламат Ералин

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале