26.01.2016, 18:30
Оқылды: 92

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының қатысуымен брифинг өтті

Prokuror    Бүгін Қазақстан-Орал телерарнасында  Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Давлетжановтың қатысуымен брифинг өтті.

    Оның айтуынша, мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 215 мың жарым гектар, оның ішінде 103 мың гектарын орман алқабы құрайды. Жыл сайын елді мекендерді көгалдандыруға 150 мың дана көшет, орманды қалпына келтіруге 2,5 млн. дана екпе көшет өсірілді.


Былтыр орман қауіпсіздігі бойынша өткен 1145 рейдтің нәтижесінде 145 табиғатты қорғау заңнамасы бұзу фактісі тіркелген. 118 тұлғаға 906520 теңге әкімшілік айыппұл  салынса, 57 адам 430678 теңге көлемінде шығынды өтеген. Алда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 8 өрт сөндіру көлігі, 175 байланыс құралы, 32 трактор, 7 өртті бақылау мұнарасы, 196 дана аспалы су бүріккіш  және құрал-жабдық пайдаланылады. 2015 жылы өртке қарсы қауіпсіздік ережесінің бұзылуына қатысты 22 хаттама толтырылып, 218 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған.  Қазақ хандығының 550 жылдығы және ҚР Конституциясының 20 жылдығына байланысты  Хан тоғайын тазарту жұмыстары жасалған.

Жайық өзенінің бойына облыс халқының 75 пайызы шоғырланған  87 елді мекен орналасқан. Балық шаруашылығын жүргізуге қорғауға алынған 24 су қоймасы лайық деп танылған. Қысқы кезеңде су қоймаларына 14 340 ойық және 90 мұзойық жасалған. Жазғы кезеңде 1 млн.-дан астам теңгеге 10 су қоймасындағы балық шабағын құтқару жұмыстары жүргізілген. Өткен жылы облысымыздағы оңтүстік аудандарға РФ Саратов арнасы мен Палласов суармалы су жүйесі  арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 1 380,9 млн. теңгеге 111,5 млн. текше метр, облыстық бюджеттің 88,1 млн. теңге қаржысына 70 млн. текше метр су жіберілген.

Брифингте Амангелді Давлетжанов экологиялық сараптама жүргізу, сынапты шамдарды кәдеге жарату, арнайы қоқыс жәшігіне жинау, заңсыз аң-құс аулауға тосқауыл қою мақсатында өткенде шараларға тоқтала келіп, қолға алатын жұмыс бағытымен таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Н.Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале