18.05.2016, 12:37
Оқылды: 72

БҚО тарихи-өлкетану музейі «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясына шақырады

Muzei tyni   Бүгін, яғни 18 мамыр күні Халықаралық музей күніне орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясы аясында көптеген мәдени, спорттық шаралар, жәрмеңкелер ұйымдастырылады.


    Музейде бір күннің ішінде «Ғасырлар мұрасы» қолөнер шеберлері жәрмеңкесі, Квест ойыны, «XIX-XX ғғ. самаурындар» көрмесі, «Жауқазын» жобасы аясында Қаратөбе ауданы балалар шығармашылығы орталығының көрменің ашылуы мен концерттік бағдарламасы, шеберлік сабақтары, кітап көрмесі, Домбыра – Party, Спорттық ойындар өтеді. Экскурсиялық марафон жобасы қызықты болады деп сенеміз. Себебі музейге келушілерге өлкемізге танымал журналистер, айтыскер-ақындар мен әншілер арнайы экскурсия жүргізеді. Кешкілік мерекелік концерттен кейін «Музей түнінде» экспонаттар «тіріледі».

https://www.youtube.com/watch?v=IZtiO3SEMNM

Бағдарламасы:

10.00 - 11.00
БҚО тарихи-өлкетану музейінің 180 жылдығына және халықаралық музейлер күніне арналған мерекелік салтанатты жиын

11.00 – 16:00
«Ғасырлар мұрасы» қолөнер шеберлері жәрмеңкесінің ашылуы (Ағаш шеберлері, «Марал» аяқ киім ательесі, Изумрудный город, ат-әбзелдері көрмесін т.б. келіп тамашалауға болады)

12.00 - 13.00
Экскурсиялық марафон. Музейге келушілерге өлкемізге танымал журналистер, айтыскер-ақындар мен әншілер арнайы экскурсия жүргізеді: Мұнайдар Балмолда, Лұқпан Ахмедьяров, Гүлден Сапиолла, Жидегүл Аманғали, Жандос Хамза, Жанат Көшкінбай, Еркін Өтегенов, Жаңылсын Хасанова, Мұрадым Мирланов.

13.00
Квест ойынының басталуы.

14.00-14.30
"XIX-XX ғғ. самаурындар" көрмесі

14.30-15.30
«Жауқазын» жобасы аясында Қаратөбе ауданы балалар шығармашылығы орталығының көрменің ашылуы мен концерттік
бағдарламасы.

15:00-18:00
Музей залдарында шеберлік кластар (құммен сурет салу, қыштан құмыра жасау өнері)

15.30-16.30
«Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым!» қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер.

16:00-21:00
«Сұлулық пен денсаулық әлемі» бағдарламасы және шеберлік – класс.

16.30-17.00
«Ислам мәдениетінің көне кітаптар құндылықтары» атты көрме.

17.30-18.30
«Атадан қалған асыл өнер» ат әбзелдерін насихаттау бағытында ат ерттеу

18.30- 19.00
Квест ойынының қорытындысы

19.00-21.00
Домбыра – Party

21.00-22.00
Спорттық ойындар

22.00-23.00
Кешкілік мерекелік концерт

23.00-00.00
«Тарихтың сырлы әлемі». Музей түнінде экспонаттар тіріледі.

23.00-02.00
«Музейдегі түн» музей залдарына экскурсия.

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Баршаңызды 18 мамыр күні сағат 10.00 ден 19 мамыр 02.00-ге дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде күтеміз. Келіңіздер! Көріңіздер! Музей экспозициясын тегін тамашалаңыздар!

www.zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облыстық

 тарихи-өлкетану музейі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале