26.10.2015, 16:32
Оқылды: 39

БҚО ТЖД жеке құрамы сенбілікке қатысты

IMG_3602 (2)Департамент, Өрт сөндіру қызметі және жедел құтқару жасағының жеке құрамы Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағын жинау акциясына қатысты.

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, полковник М.А.Хайрекеновтің айтуынша, төтеншеліктер осылайша Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге өз үлестерін қосуда.

Сенбілікке Департаменттің құрылымдық бөлімшелері және ведомствоға бағынысты ұйымдардың 200-ден астам адам қатысты. Саябақтың көп бөлігі қоқыс пен жапырақтардан, қурап қалған ағаштардан тазартылды, соқпақтар мен гүлзарлар сыпырылды.

Балаларымен серуенге шыққан ата-аналар, сондай-ақ саябақ басшылығы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнын тазартқаны үшін сенбілікке қатысқан  қатысушылардың барлығына үлкен алғыс білдірді.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале