8.08.2016, 11:29
Оқылды: 46

БҚО ТЖД тұрғындарды егінді ору, мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтауға шақырады

Reid Zko01   Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде облыс аумағында дала және орман өрттері тіркелген жоқ. Өткен жылдың осы  кезеңімен салыстырғанда ауданы 2094,1 га қамтыған 20 орман өрті және ауданы 27463 га қамтыған 6 дала өрттері тіркелді.

   Облыс бойынша 2016 жылғы өрт қауіпті кезеңде жалпы ауданы 2509,2 га құрайтын 104 табиғи дала өрті тіркелді, аталған көрсетікіш өткен жылмен салыстырғанда 312 оқиғаға азайып, 75%-ға төмендеген. Табиғи өрт көбінесе Орал қаласында (44), Бөрлі (21) және Зеленов (13) аудандарында орын алды.


   Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Орал қалалық басқармасы және аудандық бөлімдерінің қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы ұйымдары арасында жазғы өрт қауіпі кезеңінде дала өрттерінің алдын алу, дала өрттерінен келетін шығынды жою мақсатында профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізді.

   Рейдтер барысында ауыл шаруашылық техникаларының техникалық байқаудан өткені, бастапқы өртке қарсы құралдарымен  жабдықталуы тексеріліп, механизаторларға, шаруа қожалығы жетекшілеріне өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау беріліп, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратылды.

   Сонымен қатар әр шаруа қожалығында өрт бола қалған жағдайда міндетті түрде өрттерді сөндіру жұмысына  ерікті өртке қарсы жасақтарының құрылу қажеттілігі туралы және өрт оқиғасына жол берген тұлғалар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы түсінік берілді.

       Пішен шабу жұмыстарының басталуы алдында өртке қарсы нұсқамадан өту, шөп шабу агрегаттарын бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажеттілігі барлық шаруашылық қожалықтарының басшылары мен өкілдеріне жеткізілді.

Облыс аумағында облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойын ені 4 метрден кем емес жырту (минералдандырылған жолақты) жұмыстары жалғасуда.

     Астық жинау кезеңі өрттердің орын алу мүмкіндігі мол, жоғары өрт қауіпімен сипатталады. Ыстық ауа райы, құрғақ бидай, жарамсыз күйдегі энергиялық қаныққан егін жинау мен дән өңдіру агрегаттары қауіп төндіреді.

     Дәл осы уақытта нан алқабындағы отты абайсыз пайдалану, тасталған темекі тұқылы, ауыл шаруашылық машиналарының ұшқындары немесе ашық алауды қолданудағы абайсыздық өртке алып келуі мүмкін.

     Астық жинау уақытында егін мен өрт қағидаларын сақтауға шаруа қожалықтарының басшылары мен иелері жауапты, сонымен қатар оларға алқаптағы өрт болу жағдайында әкімшілік санкциялары қолданылады.

Reid Zki02

  Астық жинаудың алдында техника, агрегаттар мен автокөліктердің қуат жүйесі, майлау, салқындатқыш, оталдыру реттелуі керек, ұшқын сөндіргіш жарамды, көлік өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталуы тиіс. Тракторшылар, комбайншылар, олардың көмекшілері немесе жұмысқа жұмылдырылған басқа да тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтулері қажет.

  Комбайнның іріктеу жұмысы кезінде іріктеушінің серіппе тістері барабан қабының ішіне кіріп кетпеуін қадағалау керек. Осындай жағдайда комбайнды дереу тоқтатып, тістерді босату қажет.

   Дәндер балауыздап піскен кезде нан алқаптарын 50 га ауданымен телімдерге бөлу керек. Телімдер арасында ені 8м кем болмайтын шалғы алымын жасау қажет.

  Астық жиналатын, 25га ауданынан жоғары нан алқабында өрттің болу мүмкіндігі жағдайына трактор соқамен дайын тұруы тиіс. Жинаудың топтық әдісі жағдайында жинау-көліктік  жасақтарының құрамына мамандандырылған өрт сөндіру  автокөліктерін қосу керек;

  Жинау кезеңінде өңделуден қалған қалдықтарды, аңдыздарды және алқаптарда алауларды жандырмау қажет;

   Дәнді науаларды ғимараттар мен құрылыстарға 50м қашықтықта, ал нан алқаптарынан 100м кем емес жерге орналастырмау керек. Дәнді орналастыру алаңы өсімдік жамылғысынан тазартылуы тиіс.

Рұқсат етілмейтін жағдайлар төмендегідей:

Астық алқабында жинау техникасына жанғыш сұйықтарды құю;
Алқапты шарттарда түнгі уақытта көліктерге жанғыш сұйықтарды құю;

Алқапты шарттарда жинау техникасына жанармай құю алаптан тыс жерде (30м кем емес) жанармай құюшылармен, қозғалтқыш сөндірілген кезде кұйылуы тиіс.

  Жинау көліктерінің және агрегаттардың жөнделуі нан алаптарынан 30 м қашықтықта жақын орындалмауы керек.

  Астық алқаптарында немесе оған жақын жерлерде темекі шегуге және ашық отты қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.

БҚО ТЖД

Мирас Нурмуханбетович Алекешев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале