1.06.2015, 18:31
Оқылды: 22

БҚО ТЖД қызметкерлері Орал қаласында орналасқан өзен айдындарында патрульдеу өткізуде

Jayiki jagalaui patruldeu Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге, атап айтқанда Жайық өзені жағалауындағы     Коминтерн ауылы және Стелла, «Металлист» зауыты аймағы, Чапаев атындағы шығанақта, Шаған өзеніндегі Мичурин ауылында, сонымен қатар құмды карьер аймағында рейд өткізді.   

«Рейд нәтижесі көп күттірмеді, шолудың он минутынан соң «Суға шомылуға тыйым салынған» белгісін елемей осы жерге лайықталмаған жерде суға шомылып жатқан бірнеше бұзақылар табылды» , - деп құтқарушылар өз әсерлерімен бөлісіп жатты.

«Тек рұқсат етілген орындарда, жабдықталған жағажайларда ғана суға шомылуға болады. Ағысы қатты тік жарлы жағалауда, батпақты және өсімдік өсіп кеткен су айдындарында суға түспеген абзал. Сондай-ақ, алкоголді ішімдік ішкен күйде суға шомылуға тыйым салынады. Балалар мен жасөспірімдер жағажайларда ата-аналарының немесе ересек адамдардың қадағалауында болу қажет», - деп Марс Тасқалиұлы ескертті.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖ департаментінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале