26.05.2015, 19:05
Оқылды: 24

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Президенттік тестілер тапсырды

Prezidenttik test tapsirdiБатыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Атоян атындағы стандионда өткен Президенттік тестілер тапсырды.  Президенттік тестілер жыл сайын өтетін нормативтерді тапсыру бойынша спорттық іс-шара.

Президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шынықтыру дайындығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың жиынтығы. Тест бағдарламасы әйел адамдарға 100, 2000 метрге және ер адамдарға 3000 метр жүгіру, орнында тұрып ұзындыққа секіру, ер адамдарға биік кермеде тартылу және әйел адамдарға кеудені көтеру, доп лақтыру сияқты сынақтарын қамтыды.

«Салауатты өмір салтын насихаттаудың бұл түрі жеке құрамның жауынгерлік және қызметтік даярлығын, сондай-ақ жалпы айтқанда құтқарушылардың оң имиджін арттырудың тиімді құралы болып табылады»- деп Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Нұржан Кажкенов атап өтті.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖ департаментінің

 Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале