17.02.2016, 19:07
Оқылды: 18

БҚО ІІД-де қоғамда радикалды діни ағымдар идеяларының таралуына қарсы тұру және олардың алдын алу бағытында шара өтті

 UVD Bakaa  Орал қалалық ішкі істер басқармасында полиция қызметкерлерінің жеке құрамымен жауынгерлік және қызметтік даярлық сабағы жүйесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО бойынша департаменті және БҚО Дін істері басқармасы дін мәселесін зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы - «Исламдық радикалдану: қоғамдық қатердің себебі және тұрақсыздануы» және «Радикалды ағымдардан сақтандыру жолы».


Жастар теріс діни ағымдардың кесірі жөнінде не біледі? Түрлі секталардың шырмауына түспес үшін алдын - алу шараларына қанық па?

Осынау түрлі сауалдарға  келген қонақтар қызметке жаңадан аяқ басқан жаңа буындағы тәртіп сақшыларға  дін саласындағы мәселелер жайлы коптеген ақпараттар берді. Жиынға қатысушылардың барлығына осы тұрғыда ақпараттық материалдар таратылды. Онда қоғамымызда теріс діни ағымнан зардап шеккендердің тағдыры мен суреттері анық көрсетілген.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дінаралық татулықтың тетіктері баяндалды. Семинар-тренинг барысында тақырып аясында ауқымды баяндамалар жасалды. Баяндамашылар діндегі радикалды ағымдардың қоғамға қауіп-қатерін, басшыға бағыну және өзге дін өкілдерімен қарым қатынасты, жалпы дін туралы түсінік пен Ислам дінінің Қазақстанға таралуы тарихын толыққанды тарқата сөз етті.

 Іс-шара соңында қатысушылардың назарына «Адасқандар» бейнеролигі ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале