17.03.2016, 16:17
Оқылды: 32

БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі ақпараттандырады

  ZH-350x3501  Алдағы «Наурыз» мейрамы қарсаңында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу, ескерту, тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында наурыздың 16-18 күндері аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.


         Облыс көлемінде аталған іс-шараны өткізу барысында қойылған тапсырмаларды орындау үшін әр бөліністен  және ішкі істер органдары қызметтерінен 1000-ға жуық қызметкер, соның ішінде 140 ҚР Ұлттық ұланның 140 әскери қызметшісі қатысады.

         Сондай-ақ, іс-шараға 300-ден астам құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылым мүшелері қатысатын болады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД ЖПҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале