4.11.2015, 17:05
Оқылды: 16

БҚО ІІД кезекті қаруларды жою жұмысын жүргізді

Orujie    Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті қаруды жою жұмысын жүргізді.

Мұндай шара Ішкі істер департаментінде әр тоқсан сайын оздырылуда.

Аталған іс-шара Департамент  басшылығының төрағалық етуімен және  тыл, криминалистика, өзіндік қауіпсіздік, тергеу, анықтау салаларының және прокуратура, зауыт  қызметкерлері қатарынан комиссия құрылып, іске асырылды.

Шарада қызып тұрған отқа 207 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 2 дана шолақ мылтық, 30 дана газды тапанша, 5 дана газды-травматикалық, 3 дана пневматикалық қару, 7 дана заттай айғақ және 18 дана электрошокер, 7 пышақ, 1 балта, 1 кистень және 2 арнайы құрал жөнелтілді. Ұзын саны 254 бірлік қару жойылды.

Қаруды жою жұмысы  Орал қаласындағы «КАЗАРМАПРОМ» ЖШС зауытында жүргізіліп, зауыттың шойын балқыту пешінде отқа оранған металдар санаулы сәтте еріп үлгерді.  Шараға прокуратура және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале