15.09.2015, 12:27
Оқылды: 20

БҚО құтқарушылары терезеге қыстырылып қалған тонаушыны шығарып алды (фото)

DSCN0422 Алдыңғы түні екі жас адам ұрлық жасамақ оймен Циолковский көшесіне орналасқан «Анеля» дүкенінің терезесін сындырып, тор арқылы ішке кірмекші болған. Бірақ қарақшылардың ойлары іске аспай, біреуі терезеге қысылып қалады.

Сол сәтте дүкен жанынан өтіп бара жатқан патрульдік машинадағы полицей қызметкерлері дүкен алдынан терезе ойығына қыстырылып қалған ер адамды байқайды.

Темір тор құрсауында қысылып қалған тонаушыны полицей қызметкерлері өздері шығара алмағасын, алып шығу үшін 03.50-де БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласады.

Құрамында А.Сошкин, Е. Мешкалиев бар құтқару бөлімшесі дүкен тонаушынының денсаулығына ешқандай зиян тигізбестен «Holmatro» гидравликалық құрал-сайманының көмегімен шығарып алып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале