10.12.2015, 19:50
Оқылды: 27

БҚО әкімдігінде жергілікті полиция қызметін құру және оның жұмысын ұйымдастыруға арналған кеңес өтті

 BKO akimdigi  Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде жергілікті полиция қызметін құру және оның жұмысын ұйымдастыруға арналған кеңес өтті. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Б.Бисенқұлов қатысып, баяндама жасаған кеңеске облыс әкімі Нұрлан Ноғаев төрағалық етті.


   Кеңесте Берік Бисенқұлов құқық қорғаушыларға 12 қараша күні Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын таныстырып, 1 қаңтардан бастап жұмысқа кірісетін жергілікті полиция қызметін түсіндірді. - Елбасының тапсырмасымен жергілікті полиция қызметі құрылмақ. Бұл қызметтің мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтау. Қызметкерлер бұрынғы кадрлар арасынан таңдап алынады,- деген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Бисенқұлов оларға қойылатын талаптар, жүктелетін міндеттерді егжей-тегжейлі баяндады. Жергілікті полиция қызметіне қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қорғау және тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттер жүктелмек.

   Жергілікті полиция қызметінің басшылығын ІІМ-нің ұсынымы бойынша мәслихат депутаттарының келісімімен облыс әкімдіктері тағайындайтын болады. Енді полиция қызметінің басшылары жылына кем дегенде екі рет əкімдік пен мəслихат алдында, бір рет тұрғындардың алдында есеп беретін болады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале