17.02.2016, 17:40
Оқылды: 67

«БҚО әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ЖШО » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына жаңа басшы тағайындалды

????????????

 Сондай-ақ БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен 2016 жылдың 17 ақпанынан бастап «БҚО әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Қуанышев Медет Ермекқалиұлы тағайындалды.


         Қуанышев Медет Ермекқалиұлы 1 қаңтар 1983 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы Т.Масин ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжін, 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін  концерттік орындаушы, тромбон класы оқытушысы, оркестр, ансамбль артисі мамандығы бойынша бітірген.

 2001 жылы Мәдени-ағарту бірлестігінде  үрлемелі аспаптар оркестрінің  дирижері, артисі, 2004-2007 жылдары 5517 әскери бөлімінде оркестр артисі, 2007-2009 жылдары «Жастар мәдениет үйінде» әуенді аспаптар ансамблінің артисі, 2009-2013 жылдары Құрманғазы атындағы саз колледжінде  оқытушы, 2009 -2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрдің артисі, 2013-2015 жылдары «Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінде» директордың орынбасары, 2015  жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік  академиялық халық аспаптар оркестрінің бас әкімгері қызметтерін атқарған.

         2015 жылдан  Жастар шығармашылығы орталығы жанындағы Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрдің артисі лауазымын атқарып келеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале