29.04.2016, 17:13
Оқылды: 22

БҚО әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Kolginov tagayindau01     Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов БҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған Қанат Шәріпұлы Қанаевты өңір активіне таныстырды.


    Қ.Ш.Қанаевтың білімі жоғары, мамандығы экономист-менеджер және заңгер. Ол 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметті атқарып келеді. Әуелі Екібастұз, сосын Павлодар қаласында сот орындаушысы болып еңбек еткен. Содан кейін Павлодар облыстық соттар әкімшілігі құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің жетекші маманы, ҚР Әділет министрлігі кадрлармен жұмыс басқармасының бас маманы, 2006-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігі кадрларды қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметін атқарды. 2010 жылдың сәуір айынан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының кеңесшісі, 2011 жылдың қыркүйегінен хатшылықтың сектор меңгерушісі болды. ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссияның шешімімен «А» корпусына қабылданған.

     Еске сала кетейік, бұған дейін аппарат басшысы қызметін атқарған Марат Тоқжанов БҚО әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып ауысқан еді.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале