6.06.2016, 16:23
Оқылды: 38

БҚО әкімі Б.Қалиевтің туыстарына көңіл айтты

    «Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімшесіне лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қазаBerik тапқан жерлесіміз Берік Қалиевтің туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын.

  Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген Берік Қалиев өмірінің соңына дейін Отанын қорғау қасиетті борышын лайықты өтеді. Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолында шейіт болған ер есімі – мәңгі ел есінде.

  Жәнібек ауданының әкімі батырдың отбасымен кездесті, оларға облыс әкімдігі тарапынан қажетті жәрдем беретін боламыз. Беріктің есімі Отан алдындағы қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан батыр ретінде тарихта қалатынына сенімім кәміл» делінген облыс әкімінің көңіл айту хатында.


 Берік Ерланұлы Қалиев 1978 жылы 19 қаңтарда БҚО, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Берік 1995 жылы Я.Свердлов атындағы орта мектепті бітіріп, Жақсыбай ауылында «Өркен» өндірістік кәсіпкерлікте механизатор болып 2 жыл жұмыс атқарған. 1997 жылы Жәнібек аудандық әскери  комиссариатынан әскер қатарына  алынып, Жаркент қаласындағы шекара бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1999 жылы қараша айында елге оралды. 2001-2008 жж. өз ауылында «Өркен» өндірістік кәсіпкерлікте әр түрлі жұмыстарды жасады. 2002 жылы үйленіп, отау құрды. 2008 жылы Ақтөбе қаласына ІІБ жұмысқа орналасқан. Жұбайы Нұрсұлу Шайхоллақызы екеуі 2 қыз, 2 ұлдарын өмірге әкелген. Берік мектепте оқып жүрген кезінен спорттың күрес және волейбол түрлерімен айналысқан. Мінезі қарапайым, ақжарқын. Кез келген адаммен тіл тапқыш. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін адамгершілігі мол азамат болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале