13.06.2016, 12:33
Оқылды: 28

БҚО әкімі КПО б.в басшыларын қабылдады

          KPO priemОблыс әкімі Алтай Көлгінов КПО б.в компаниясының басшыларын қабылдады.

         Кездесуде өңір басшысы облысымызға жұмыс сапарымен келген «Эни» компаниясының кен орындарын барлау және өндіру бойынша бас директоры Антоний Веллаға Ақ Жайық өңіріне қош келдіңіз айтып, «Аджип Қарашығанақ» компаниясының төрағасы Лука Виньяти мен басқарушы директоры Антонио Балдассаремен, ҚПО б.в. компаниясының бас директоры Ренато Маролимен жүздескеніне қуанышты екенін айтты.


 

Сондай-ақ ҚПО б.в. компаниясының ел экономикасына қосып отырған үлесі, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі рөлі жөнінде әңгімеледі. Мысалы, соңғы он бес жылда облысымызда ҚПО-ның қолдауымен 14 медициналық мекеме, 25 білім ошағы, 5 спорт нысаны, 5 мәдениет ғимараты салынып, күрделі жөндеуден өтті. Бірнеше автокөлік жолдары да күрделі жөнделді. Газдандыру мәселелері де оң шешілуде. Өңіріміздегі осындай әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына компания тарапынан 300 млн. доллар шамасында қаржы жұмсалған. Бұл жақсы көрсеткіш.

-Әлемге танымал ірі компанияның елімізде табысты жұмыс істеуі – Елбасымыздың шетелдік инвесторларды қолдауы мен олардың алаңсыз қызмет етуі үшін жасаған мүмкіндіктерінің нәтижесі. Себебі Мемлекет басшысы инвесторлардың өңірімізге келуіне, олардың жаңа технологияларды әкелуіне, кен орындарында, өндірісте жаңғырту жұмыстырын жүргізуге жағдай туғызып отырғаны белгілі. ҚПО б.в. компаниясымен де біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Көптеген мәселе бойынша түсінісіп жұмыс істеудеміз. Қарым-қатынасымыз жылдан-жылға нығайып келеді. Компания басшылығымен жиі кездесіп тұрамыз. Тек осы айдың ішінде Ақсайда екі рет кездестік. Сіздің келуіңіз де біздің байланысымыздың аясының кеңеюіне ықпалы тиеді деген сенімдеміз,-деді Алтай Сейдірұлы.

Мәртебелі меймандар да бұл кездесуге қуанышты екендерін айтып, алдағы уақытта да байланыс жаңа арнада дамитынына сенім білдірді.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале