6.06.2016, 14:22
Оқылды: 13

БҚО әкімі француздық делегация өкілдерімен кездесті

 

francuzБүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі жоғары мәртебелі Франсис Етьен мырза мен жұбайы Джейн Етьен ханымды қабылдады.


 

Батыс Қазақстан облысына француздық бизнесмендерден құралған делегация өкілдерімен бірге  арнайы ат басын тіреген  Франсис Етьен мырза өңіріміздің мән-жайымен толықтай танысқысы келетінін айтты.

- Біріншіден, осы өңір туралы тереңірек білгім келеді. Түстен кейін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен кездесіп, сөйлесеміз. Инвесторлар тарту үшін алдымен бар жайға қанығып алу керек.

Бұл шаһарға келу сапарымыздың тағы бір себебі - Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Ветровтың отбасына көңіл айтып, зиратына барып, зиярат жасау, - деген Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ақтөбедегі болған қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтып, Франция елі мен Қазақстанның арасындағы іскерлік қарым-қатынас нығая түседі деген сенімде екенін жеткізді.

Кәсіпкерлермен кездесу,өңірге инвестиция тарту мәселелеріне толық қолдау білдіретінін айтқан облыс әкімі Алтай Сейдірұлы батықазақстандық ардагер Н.Ветровтың рухына тағзым етіп, құрмет көрсеткен Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі жоғары мәртебелі Франсис Етьен мырза   мен оның делегация өкілдеріне шынайы алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале