24.05.2016, 22:18
Оқылды: 27

Бүгінгі кеңесте оқу жылының аяқталуы мен облыстық бюджеттің игерілуі жөнінде мəселелер қарастырылды

YBT   Бүгін облыс əкімдігінің кіші мəжіліс залында күн тəртібіндегі кейбір мəселелер туралы облыстық басқармалармен жəне аудандармен селекторлық кеңес өтті. Кеңесте оқу жылының аяқталуы мен ҰБТ-ға əзірлік жəне облыстық бюджеттің игерілуі жөнінде мəселелер қарастырылды. Кеңеске өңір басшысы Алтай Көлгінов төрағалық етті. Алдымен облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның баяндамасы тыңдалды.


       Басқарма басшысының айтуынша биыл ҰБТ 13-рет өткелі отыр. ҰБТ-ны өткізу форматы өзгеріссіз қалған. Тек ағымдағы жылы тестілеудің қорытындысы бойынша белгіленген шекті деңгейден өтпеген тұлғалар үшін қайтадан кешенді тестілеу тапсыруға рұқсат етіледі. Бағасы 2242теңге. Кешенді тестілеуга қатысушылар тек ҚР жоғары оқу орындарына ақылы негізде ғана түсе алатын болады.

     Сондай-ақ биыл ҰБТ-ға дайындық жұмыстары күшейтіліп, ата-аналар мен оқушыларға психологиялық семинарлар өткізілуде. Биыл мектепті 4514 түлек аяқтаса, оның 75,6 пайызы тестілеуге қатысуға ниет білдіруде. "Алтын белгіге" үміткер 235 оқушының 120-сы өз білімдерін растаған. Биыл өткен жылдағыдай тестілеу 9 пункте, яғни екеуі Орал қаласында, 7-еуі аудан орталықтарында өткізілмек. Аудандардағы оқушыларды арнайы тест тапсыратын пунктерге тасымалдау, қондыру жəне тамақтандыруға қажетті қаражат бөлінген.

    Сондай-ақ, Айгүл Əділгерейқызы өз баяндамасында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, келесі оқу жылына дайындық жəне міндетті мектеп формасы жөнінде кейбір мəселелерге тоқталып өтті.

     Бұдан кейін облыстық қаржы басқармасының басшысы Айгүл Салахатдинованың баяндамасы тыңдалып, кейбір мəселелер бойынша облыстық бюджеттің игерілмей жатқан себептерін түсіндіріп өтті. Бұдан кейін Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Зеленов аудандары əкімдері де облыс əкімінің сұрақтарына жауап берді. Жиын барысында облыс əкімі барлық басқармалар мен аудан басшыларына тапсырма беріп, жұмысты ширатуды міндеттеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале