28.03.2016, 18:33
Оқылды: 15

Бүгіннен бастап Достық даңғылына жөндеу жұмыстары басталады

 Jol jondeu  Орал қаласында бүгіннен бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Достық даңғылының Еуразия мен М. Ықсанов көшелері аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады.


Қаламыздың бас даңғылында күрделі жөндеу өткен жылы тамыз айында басталған еді. Былтыр Мәметова көшесі мен Еуразия даңғылы арасында жол жөнделсе, биыл Еуразия даңғылынан Пугачев көшесіне дейінгі аралықты жөндеу жоспарланған. Көшенің жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды (Мәметова мен Пугачев көшелері аралығы) құрайды.

Құрылысқа қажетті 625 млн теңге КПО б.в компаниясының облыстың әлеуметтік жобаларына бөлетін қаржысынан қаралған. Мердігер "Азиятехстрой" компаниясы.

Биыл Орал қаласы бойынша 14 көшеде жалпы ұзындығы 20 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа бөлінген қаржының жалпы сомасы 2 млрд теңгені құрайды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале