4.09.2015, 12:29
Оқылды: 26

Бүгін Орал қаласында бөбекжай ашылды

лесная сказка (1)Қала күні қарсаңында пайдалануға берілген «Лесная сказка» бөбекжайының ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

лесная сказка (2)Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған балабақша «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.

Ағымдағы жылдың 8 мамырында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген «Алатау Альдан Агро» ЖШС төрт айдың ішінде қос қабатты, жүз орындық сыңғырлаған бөбекжайды пайдалануға берді.

лесная сказкаБүлдіршіндер мұндағы 4 топтың екеуінде қазақ, екеуінде орыс тілінде тәрбиеленетін болады. Сондай-ақ балабақшада «Тілдерді үйрету орталығы», «Өзін-өзі тану кабинеті» жұмыс жасамақ.

Айта кетейік, бөбекжайды күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 60,028 млн. теңге,  жергілікті бюджеттен 43 млн. теңге - барлығы 103 млн.теңге бөлініп, игерілген.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале