7.09.2016, 18:11
Оқылды: 51

Бүгін Орал қаласында 180 отбасы қоныстойын тойлады

received_10207217879937728Зашаған кентінде Қала күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойының аясында əрқайсысы 90 пəтерлік бес қабатты қос үй - барлығы 180 пəтер пайдалануға берілді.


20160907_154217"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту жəне "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламалары бойынша "СВ плюс" ЖШС (С.Өтебалиев) салған екі бөлмелі 90 пəтерге "Жас отау" бағдарламасы бойынша жас отбасылар қоныстанса, "Алтим" (Г.Стародубцев) ЖШС құрылысын жүргізген 30 бір бөлмелі, 30 екі бөлмелі, 30 үш бөлмелі сыңғырлаған жаңа 90 пəтерге тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары қол жеткізді.
20160907_154038Жаңа қоныс иелерінің қуанышын бөлісіп, құтты болсын айта келген облыс басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды Қала күні мерекесімен жəне ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық тойымен құттықтап, пəтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.
20160907_155556- Тəуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырдың ішінде Орал шаһарында 60 мектеп, 16 балабақша салынып, пайдалануға берілген екен. Зашаған кентінің өзінде кейінгі үш-төрт жылдың ішінде 13 көп қабатты тұрғын үй, əрқайсысы 1200 орындық екі мектеп, 360 орындық балабақша, емхана, спорт кешені бой көтерді. Алдағы уақытта əлі 23 көп қабатты тұрғын үй, Тəуелсіздік тойына арналған үлкен саябақ тұрғындар игілігіне бермек.
Бүгінгі сіздерді қуанышқа бөлеген екі үйдің құрылысы өткен жылы қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалған болатын. Алайда əлемді жайлаған дағдарысқа қарамастан, Елбасы тапсырмасы бойынша "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының есебінен құрылыс жұмыстарын сəтті аяқталды.
received_10207217879817725Салтанатты шара соңынан облыс басшысы Алтай Көлгінов пен қала əкімі Нариман Төреғалиев бастаған шенеуніктер алғашқы боп Құбаевтар шаңырағында жайылған дастархан басында дəм ауыз тиіп, қоныстарына құтты болсын айтты.
20160907_161648- Өзім "Оралтехсервис" ЖШС-де жүргізушімін, жұбайым балабақшада істейді. Екі қызымыз бар, үшіншісін күтіп отырмыз. Отбасындағы алты баланың кенжесі болғандықтан, зейнет жасындағы ата-анам да бізбен бірге тұрады."Жас отау" бағдарламасы бойынша екі жылда аңсаған баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ, - деді жас шаңырақ иесі Ерген Құбаев.

20160907_163226Айта кетейік, 2010-2015 жылдар аралығында Орал қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалпы ауданы 155,41 мың шаршы метр болатын 26 тұрғын үй салынды. Соның ішінде 8 үй кезектегі адамдар үшін және 18 үй «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкісі» АҚ салымшылары үшін. Барлығы 2732 пәтер.
2016 жылы мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қала бойынша 2066 пәтерді құрайтын 20 үйдің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде 7 тұрғын үй 2017 жылы аяқтау жоспарланған
2016 жылы жалпы сомасы 10 млрд теңгеге жалпы ауданы- 81.77 мың шаршы метрді құрайтын 13 тұрғын үй тапсыру және қоныстандыру жоспарланған, бұл рекордты көрсеткіш, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 9 тұрғын үй тапсырылады. Соның арқасында кезекте тұрған 986 азамат пәтермен қамтамасыз етіледі.
Жалпы 2016 жылы 1427 пәтер тапсыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде Орал қаласының 5 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соның ішінде Тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары үшін – 3 үй, 306 пәтер; жас отбасылар үшін – 2 үй, 180 пәтер; кезектегі адамдар үшін – 1 үй, 180 пәтер; «НУХ «Байтерек» АҚ бағдарламасы аясында (кезектегі адамдар үшін) - 6 үй, 617 пәтер; мемлекеттік – жекеменшік серіктестігі бағдарламасы аясында (апатты үйлер) – 1 үй, 90 пәтер қарастырылған.

Айгүл Ахметова

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале