10.06.2015, 18:23
Оқылды: 25

Бүгін Шыңғырлау ауданында күнмен және желмен жұмыс істейтін гибридті қондырғы іске қосылды

11296576_834478933306786_18540181_oАталған қондырғы Ащысай ауылдық округін қоныс еткен «Ғайни» шаруа қожалығының бастамасымен, Шыңғырлау ауданының әкімі Алдияр Халеловтің қолдауымен сатып алынып, іске қосылды.

Батыс Қазақстан облысының қанатқақты жобасы болып табылатын күнмен және желмен жұмыс істейтін гибридті қондырғының қуаты 10 кВт құрайды.

11426606_834478976640115_37480022_o 11426606_834478976640115_37480022_oӘрқайсысы 160 Вт болатын 30 күн қабырғасы мен 1 жел диірмен шаруа қожалығын 2 кВт электр қуатымен қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Қондырғының құны 8млн. 200 мың теңгені құрайды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале