16.09.2016, 12:30
Оқылды: 35

Бүлдіршіндер түсті сайысқа

????????????????????????????????????

  Ғ. Құрманғалиев атындағы филармония залында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен балабақша бүлдіршіндері арасында облыстық «Кел, балалар, оқылық» атты байқау өтті.


  Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық тіл фестивалі аясында өткен сайысқа қалалық және аудандық деңгейдегі мектепке дейінгі мекемелерден 5-6 жас аралығындағы барлығы қырықтан астам бүлдіршіндер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі түрде өткізілетін байқауға қатысушылардың саны жыл санап артып отыр. Сонымен қатар балабақшаларда қазақ тілінде білім мен тәрбие берудің сапасын арттыруды, балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат еткен сайысқа өзге ұлт бүлдіршіндерінің қатысуы да көңілге қуаныш ұялатады.

   Мәнерлеп оқу, «Суреттер сөйлейді», «Балалық шақтан базарлық», «Жаңылтпаштар әлемі» атты төрт кезеңнен тұратын сайыста Қаратөбе ауданының Дияс Дәурен есімді бүлдіршіні жеңімпаз атанды. Орал қаласындағы №38 балабақшаның тәрбиеленушісі Асылнұр Жасбуын мен «Заңғар» балабақшасынан сайысқа түскен Кәусар Аманжол жүлделі екінші орынды иеленді. Ал №45 мектептің бүлдіршіні Карина Мусаулова, ақжайықтық Ержан Аманжолов, №31 балабақша тәрбиеленушісі Аяулым Құрманбай есімді бүлдіршіндер жүлделі үшінші орынды өзара бөлісті.

   Жеңімпаз балақайларға ұйымдастырушылар атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Нұрбек  ОРАЗАЕВ

«Орал  өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале