16.06.2015, 19:44
Оқылды: 45

«Бүркіт боп көкке самғаймыз, елімізді қорғаймыз!»

Aibin  Сейсенбіде облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері жастардың республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысып қайтқан «Жас бүркіт» әскери–патриоттық клубы мүшелерін салтанатты түрде қарсы алды. 

-Баршаңызға белгілі, ағымдағы жылдың 9-13 маусымы күндері аралығында Астана қаласында еліміз бойынша тұңғыш рет Елбасының қатысуымен жастардың республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтті. Бұған еліміздің барлық облыстарынан 800-ден астам жастар қатысты. Біздің облыстың намысын жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінен құралған 20 жас абыроймен қорғап шықты. - деген облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Альберт Жакьяев жастарға «Егемен  еліміздің нағыз қорғаны болыңдар!»  деген тілегін арнады.

Осы тілекке жиында сөйлеген облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, полковник Марат Есенов, «Батыс» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Асхат Омаров, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев пен ҰОС ардагерлері Хамза Сафин және   Григорий Шишенков те қосылды.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале