16.03.2016, 10:40
Оқылды: 15

Бұзақылыққа барғандар анықталды

 Uralskk БҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлері жуырда Орал қаласында орын алған бұзушылық фактісін анықтады.  Наурыздың 10 күні түнде белгісіз біреулер қаладағы «Екі солдат» ескерткіші маңында орнатылған «I LOVE URALSK» қабырға жазуына қастандық әрекетін жасаған. «Жайық жарығы» ЖШС-ге тиесілі жарқырып, қалаға сән беріп тұратын аталған жазудың бір-екі әрпін сындырып, істен шығарған.


Тәртіп сақшылары қабылдаған жедел шаралар барысында сол аумақта орнатылған бейне камералары арқылы бұзақылыққа барған үш жігіт анықталды. Тексеру барысында олардың 1995-1996 жылы туылған Орал қаласының тұрғындары екендері анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 202-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бапта көрсетілгеніндей, айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Орал қ. ІІБ Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале