22.06.2016, 11:28
Оқылды: 51

Бұлдырты жолы жөнделді

Buldurta jol1Сырым ауданында Бұлдырты ауылының кіре берісіндегі 12 шақырымдық жолдың орташа жөндеуі аяқталды.


Жол жөндеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізілді. Былтыр облыстық бюджеттен бөлінген 386 млн. теңгеге жолдың 8 шақырымы жөнделді. Биыл қалған қаражатқа 4 шақырым жол тағы жөнделді. Жұмыстардың жалпы құны 522 млн. теңгені құрайды.

Жұмыстарды мердігер «ПроекЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды.

Бұлдырты ауылының кіре беріс жолы – облыс аумағындағы елді мекендерге тартылған жолдардың ішінде орташа жөндеу жүргізіліп тұрған бірден – бір жол.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале