21.08.2015, 14:50
Оқылды: 32

Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өте қажетті шара болып отыр - К.Әбсатыров

Kenes absatirov    Инфляциялық өзгерістердің болатынын кәсіпкерлер білмей қалған жоқ, сондықтан олардың көпшілігі үшін бұл тосын жағдай емес. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Үкімет пен Ұлттық банктің бұл шешімі сарапшылардың, «Атамекен» ұлттық палатасының, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсынысымен қабылданды. Шынында да Елбасымыз дәл айқындағанындай, бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы шамамен 1 миллионға дейін адам еңбек ететін кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтай аламыз.

Отбасылық кооффициентті есептегенде, бұл 3,5 млн. қазақстандыққа әсер етеді. Бұл туралы БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатыров мәлім етті.

Оның айтуынша, инфляциялық таргеттеуге көшу өңір өндірісшілерінің бизнесін қорғаудағы ықпалды шара болып табылады. Өйткені теңгенің ресейлік рубльге бұрынғы бағамы кезінде олардың елеулі зиян шеккені жасырын емес. Әсіресе, бұл соңғы айларда сату көлемінің азаюына өкініш білдірген азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына қатысты. Енді олар рубль мен доллар бағамының көтерілуін оң бағалауда.

«Әрине, алғашқы күні көпшілік абыржып қалды. Ақша айырбастау пункттерінде, әлеуметтік желілер мен ғаламторда әбігер болмай қалған жоқ. Қазір жағдай тұрақтанып, адамдар тынышталып келеді. Ең бастысы, олар ең бірінші кезекте отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғайтын Президент пен Үкіметтің аталған шарасының дұрыстығын түсінді», - деп түйіндеді ойын К.Әбсатыров.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале